2017 жылдың 15 қыркүйегінде «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында тілдер күніне орай «Ана тілі – ұлттың мақтанышы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында, мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып бекітілген. Дөңгелек үстелге қатысқан аудандық политехникалық колледж оқушылары тіл тақырыбында өлең оқып, бейнероликтен тіл туралы ұлылардан қалған ой пікірлерді тыңдады.