«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Байсеитов к-сі, 29 (филиалының кеңсесі), Затаевича к-сі, 35 (филиалдың бөлімшесінің кеңсесі) мекен-жайларында өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады: 
– белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
– 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
– ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
– шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?
– қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;
– зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;
– зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;
– зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.