2017 жылдың 06 қыркүйек күні Өскемен қаласында Қазақстан халқы тілдер күніне бағытталған, сонымен бірге Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау үшін тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті  дамыту мақсатында облыстық «Тіл шебері – 2017» байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар үш кезеңнен өткізілді: «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу, «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру, «Өнертаным» – үш түрлі жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту бойынша экрандағы тақтайшада жасырылған сандарды таңдау арқылы өз білімдерін көрсетті.  

Жоғары білімділігі мен жақсы дайындығын облыстық байқауда көрсете білген қалалық мектеп-лицейінің мұғалімі Мөлдір Мустафина І орынды жеңіп алды.

Осындай іс-шараға қатысып азаматтық көзқарасын күшейтіп, тілді меңгеруге шығармашылық ықпалын тигізген  Мөлдірге денсаулық, табыс, бақыт тілейміз!