Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз қаласына келіп, оқушы орындарының тапшылығын жою және үш ауысымды мектептердің санын азайту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан екі мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, билғы жылы күрделі жөндеуден өткен №9 бастауыш мектептің жұмысымен танысып, ауданның жетістіктер көрмесін тамашалады.