2017 жылдың 20 қыркүйегі күні Аягөз ауданының әскери горнизонында Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай, әскери бөлімдер арасында «Тіл-татулық тірегі» атты айлық шеңберінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» байқауы өтті.

Байқауға 10810 әскери бөлімінен «Қыран» тобы, 02352 әскери бөлімінен «Құлагер» тобы, 15701 әскери бөлімінен «Киелі шаңырақ» тобы және 10181 әскери бөлімнен «Жалын» тобы қатысып өз бақтарын сынады.

Байқау бағдарламасы бойынша: «Таныстыру», «Мақал-сөздің мәйегі», «Өнерлі-өрге жүзеді», «Сұрақ –жауап» кезеңдері бойынша әр топ өз өнерлерін сынады.

Байқаудың әділ бағасын беру үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің маманы Ж.Галиева, аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің әртісі А. Сарбасова, 97616 әскери бөлімнің тіл маманы М. Төлеуханқызы өз бағаларымен қорытындылады.

Байқауға қатысушылардың ішінде 10810 әскери бөлімнің «Қыран» тобының сарбаздары әр ұлт (кәріс, өзбек, орыс, азербайжан) өкілдерінен құралған топ өз өнерлерін тек қазақ тілінде көрсетіп, «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындап көрермендердің қошеметіне ие болды. Сондай-ақ 10181 әскери бөлімнің «Жалын» тобының қатысушысы қатардағы жауынгер Д. Данаев өз өнерін паш етіп суырыла алдыңғы орынға шықты.

Қорытындылай келе «Құлагер» тобы жақсы өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталса, ІІІ орынды «Киелі шаңырақ» тобы иеленіп, ІІ орынға «Қыран» тобы көтерілді, ал І орынды «Жалын» тобы жеңіп алды. Жеңістерің құтты болсын!