2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай, «Әуезов мұрасы – ұрпаққа қазына» атты танымдық сабақ өтті. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болды. 4 томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Еңлік–Кебек» трагедиясы, «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармалары бар. Мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, тәлімгерлерге, ұлы жазушының өмірі мен шығармаларынан толық мәліметтер берілді.