Аягөздегі көп қабатты үйлердің жоғарғы қабатына су бармай, судың арыны бәсеңсіген. Сондықтан халықтың бұл тұрғыда шағымы көпбейген болатын. Мәселені ұзаққа созбай аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев өз бақылауына алды.

Нәтижесінде носостар және өзге де су құрылғылары ауыстырылды. Қазір көп қабатты тұрғын үйлердегі су мәселесі шешілді. Егер, сіз тұрып жатқан көп қабатты үйде әлі де бұл мәселе орын алып тұрған болса, осы жерге пікір ретінде жазуға болады.