ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАДАСЫНДА – АЯГӨЗ ФУТОЛШЫЛАРЫ

Шағын футболдан U-17 жастағылар арасында 2018 жылы Бразилияда өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарына  іріктеу  ойындары  Хорватияда  өтеді. Қарсыластарымыз Хорватия, Испания, Бельгия. Қазақстан  құрама командасынының сапында  Аягөз  спорт  мектебінің түлектері Қаракубенов Амірбек, Серіков Наобум, Рахимтаев Бекзат өнер көрсететін  болды.  Облыс, республика,  халықаралық  дәрежеде  жоғарғы  белестерді  бағындырып  жүрген  балалар – жасөспірімдер  спорт  мектебінің  футбол  бөлімінің  жаттықтырушылары  Карманов Әсет Мейрамханұлы, Оспанбеков  Асхат Еркінғалиұлына  айтар  алғысымыз  шексіз!!!  Еңбектеріңіз  жана  берсін  демекпіз!!!

Ары қарай оқу »
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЖЕТІСТІКТЕРІ

2017 жылдың  17 – 24 қыркүйек аралығында  Қазақстанның  студенттер командасы Қытайдың Лингву қаласында  шағын  футболдан  студенттер  арасындағы  Азия Чемпионатына  қатысып,  жүлделі  ІІІ  орынмен  оралды.

Құрамадағы  6 ойыншы Оразов Біржан, Турсағулов Даурен, Умешев Ринат, Сарбасов Болат, Нураждаров Бауыржан, Муфтиғазин Сырым Аягөз спорт мектебінің  түлектері. Құттықтаймыз!!!

Ары қарай оқу »
ӘУЕЗОВ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА ҚАЗЫНА

2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай, «Әуезов мұрасы – ұрпаққа қазына» атты танымдық сабақ өтті. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болды. 4 томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Еңлік–Кебек» трагедиясы, «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармалары бар. Мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, тәлімгерлерге, ұлы жазушының өмірі мен шығармаларынан толық мәліметтер берілді.

Ары қарай оқу »
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2017 жылдың 20 қыркүйегі күні Аягөз ауданының әскери горнизонында Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай, әскери бөлімдер арасында «Тіл-татулық тірегі» атты айлық шеңберінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» байқауы өтті.

Байқауға 10810 әскери бөлімінен «Қыран» тобы, 02352 әскери бөлімінен «Құлагер» тобы, 15701 әскери бөлімінен «Киелі шаңырақ» тобы және 10181 әскери бөлімнен «Жалын» тобы қатысып өз бақтарын сынады.

Байқау бағдарламасы бойынша: «Таныстыру», «Мақал-сөздің мәйегі», «Өнерлі-өрге жүзеді», «Сұрақ –жауап» кезеңдері бойынша әр топ өз өнерлерін сынады.

Байқаудың әділ бағасын беру үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің маманы Ж.Галиева, аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің әртісі А. Сарбасова, 97616 әскери бөлімнің тіл маманы М. Төлеуханқызы өз бағаларымен қорытындылады.

Байқауға қатысушылардың ішінде 10810 әскери бөлімнің «Қыран» тобының сарбаздары әр ұлт (кәріс, өзбек, орыс, азербайжан) өкілдерінен құралған топ өз өнерлерін тек қазақ тілінде көрсетіп, «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындап көрермендердің қошеметіне ие болды. Сондай-ақ 10181 әскери бөлімнің «Жалын» тобының қатысушысы қатардағы жауынгер Д. Данаев өз өнерін паш етіп суырыла алдыңғы орынға шықты.

Қорытындылай келе «Құлагер» тобы жақсы өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталса, ІІІ орынды «Киелі шаңырақ» тобы иеленіп, ІІ орынға «Қыран» тобы көтерілді, ал І орынды «Жалын» тобы жеңіп алды. Жеңістерің құтты болсын!

 

Ары қарай оқу »
Облыс әкімі Д.К. Ахметов Аягөз қаласының орталық стадионының жөндеу жұмыстарымен танысып, спорт саласының үздіктерімен кездесіп сәттілік тіледі.

  Облыс әкімі Д.К. Ахметов Аягөз қаласының орталық стадионының жөндеу жұмыстарымен танысып, спорт саласының үздіктерімен кездесіп сәттілік тіледі.

 

 

 

 

Ары қарай оқу »
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Д.К. АХМЕТОВ ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАБЫС ЕТТІ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов Аягөз қаласының солтүстік ықшам ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы аясында салынған 50 орындық шағын отбасыларына арналған жатақхананың салтанатты ашылуына қатысып, жатақхана тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті.

Ары қарай оқу »
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Д.К.АХМЕТОВ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЕКІ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз қаласына келіп, оқушы орындарының тапшылығын жою және үш ауысымды мектептердің санын азайту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан екі мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, билғы жылы күрделі жөндеуден өткен №9 бастауыш мектептің жұмысымен танысып, ауданның жетістіктер көрмесін тамашалады.

Ары қарай оқу »
АҚТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ “АСАР” ТАҚЫРЫБЫНДА БАЛАЛАР ҮЙІНЕ, МҰҚТАЖ ЖАНДАР МЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

“Рухани жаңғыру” акция аясында Ақтоғай ауылдық округінде “Асар” тақырыбында балалар үйіне, мұқтаж жандар мен зейнеткерлеге көмек көрсетілді.

 

Ары қарай оқу »
ОБЛЫСТЫҚ «ТІЛ ШЕБЕРІ – 2017» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

2017 жылдың 06 қыркүйек күні Өскемен қаласында Қазақстан халқы тілдер күніне бағытталған, сонымен бірге Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау үшін тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті  дамыту мақсатында облыстық «Тіл шебері – 2017» байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар үш кезеңнен өткізілді: «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу, «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру, «Өнертаным» – үш түрлі жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту бойынша экрандағы тақтайшада жасырылған сандарды таңдау арқылы өз білімдерін көрсетті.  

Жоғары білімділігі мен жақсы дайындығын облыстық байқауда көрсете білген қалалық мектеп-лицейінің мұғалімі Мөлдір Мустафина І орынды жеңіп алды.

Осындай іс-шараға қатысып азаматтық көзқарасын күшейтіп, тілді меңгеруге шығармашылық ықпалын тигізген  Мөлдірге денсаулық, табыс, бақыт тілейміз!

Ары қарай оқу »
ҚҰРМЕТТІ АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!!!

филиалында “Бастау – Бизнес” жобасы бойынша тегін оқыту курсының бесінші кезеңіне тесттілеу басталады. Тестілеуден өткен үміткерлер ары қарай оқуға жіберіледі7. Оқыту курсының мерзімі 1-ай. Оқу 16 қазан – 11 қараша 2017 жыл аралығында оқытылады.
Сіздерді бизнесті жүргізуге, бизнес жоспарларды дайындауға және қорғауға жеңілдетілген мөлшерлемемен жылына 6 пайызға дейінгі қаржыландыруды алуға, 12-ай бойы сүйемелдеу арқылы өз ісіңізді дамытуға жәрдемдеседі. Оқуды нәтижелі аяқтағандарға Сертификат табысталып және шәкіртақы төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін Аягөз ауданы кәсіпкерлік палатасының филиалына хабарласуларыңызға болады. Біздің мекен-жай: Аягөз қаласы, Ақтамберді көшесі, №6\1, тел:8-72237-3-33-66.

Ары қарай оқу »