АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.БАЙАХМЕТОВ ГРЕКИЯ ЕЛІНІҢ АСТАНАСЫ АФИНА ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН КАДЕТТЕР АРАСЫНДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Аягөз ауданының әкімі Б.Байахметов Грекия елінің астанасы Афина қаласында өткен кадеттер арасында грек-рим күресінен Әлем біріншілігінде 54 келі салмақта күміс жүлде алған Нұрсұлтан Базарбаевты, 42 келіде белдесіп Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған Ерасыл Мамырбековты және жас спортшылардың бапкері Жарболов Мәдиді қабылдап, «Аягөз мақтанышы» медалі мен бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Ары қарай оқу »
АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ МАҚТАНЫШЫ

2017 жылдың 15 қыркүйегінде «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында тілдер күніне орай «Ана тілі – ұлттың мақтанышы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында, мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып бекітілген. Дөңгелек үстелге қатысқан аудандық политехникалық колледж оқушылары тіл тақырыбында өлең оқып, бейнероликтен тіл туралы ұлылардан қалған ой пікірлерді тыңдады.

Ары қарай оқу »
«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-ДАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ШАРАСЫНА ШАҚЫРАДЫ

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Байсеитов к-сі, 29 (филиалының кеңсесі), Затаевича к-сі, 35 (филиалдың бөлімшесінің кеңсесі) мекен-жайларында өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады: 
– белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
– 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
– ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
– шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?
– қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;
– зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;
– зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;
– зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.

Ары қарай оқу »
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының жүлдесіне арналған 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Халықаралық турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.

Ары қарай оқу »
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ БАЯН СҰЛУ» САЯБАҒЫНДА «STREET WORKOUT» СПОРТТЫҚ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында, Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі, мемлекет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының демеушілігімен, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» саябағында «Street workout» спорттық алаңы ашылды.

Ары қарай оқу »
АВТОКӨЛІК КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАУ РӘСІМІ

Аягөз қаласының орталық алаңында Аудандық ішкі істер бөліміне автокөлік кілттерін табыстау рәсімі өтті.

Ары қарай оқу »
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының бірінші сыртқы істер министрі, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Сүлейменов Төлеутай Сқақұлының жүлдесіне арналған 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Ары қарай оқу »