500 ОРЫНДЫҚ «АЯГӨЗ ҚАЛАЛЫҚ №9 БАСТАУЫШ АРАЛАС МЕКТЕБІ» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Аягөз қаласының бұрынғы №3 орта мектеп ғимаратына жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 500 орындық “Аягөз қалалық №9 бастауыш аралас мектебі” болып пайдалануға берілді. Шараға аудан басшысы Б.Байахметов қатысып, оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды қуанышты сәттерімен құттықтады.

Ары қарай оқу »
«Арман жолдар – 2017»

Аягөз қаласының политехникалық колледжінде аудан әкімі Б. Байахметовтың қатысуымен түлектерге арналған «Арман жолдар – 2017» атты диплом табыстау кеші өтті.

Ары қарай оқу »
АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.БАЙАХМЕТОВТЫҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2017 жылдың қаңтар айның 23-30 күндері аралығында Баршатас, Байқошқар, Малкелді, Емелтау, Мәдениет, Қосағаш, Бидайық, Өркен, Айғыз, Тарлаулы, Қопа, Ақтоғай, Ақшатау, Мамырсу, Майлин, Нарын, Мынбулақ, Ақшәулі, Тарбағатай, Ақши, Қарағаш, Сарырақа ауылдық округтарының тұрғындарымен Аягөз ауданының әкімі Б.Байахметовтың есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында 2016 жылы атқарылған жұмыстар мен 2017 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарымен таныстырды.

Ары қарай оқу »
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 25 ЖЫЛЫ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

13 желтоқсан күні «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты салтанатты жиын өтті.

001882 001882a

Ары қарай оқу »
Шығыста Шыңқожа батырға ескерткіш қойылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Аягөз ауданының Нарын ауылдық округінде Шыңқожа батырға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Қазақтың хас батыры Шыңқожа Базарқұлұлының ескерткішін салтанатты ашылуына байланысты Нарын ауылдық округінің мәдениет үйінде «Шыңқожа батыр және Аягөз өңірінің әдеби- мәдени шежіресі» тақырыбында конференция өтті. Аягөз қаласының ипподромында қазақ үйлер тігіліп, құран бағыштап (ас беріліп), қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, қазақ күресі, тоғыз құмалақ және үш санатта ат жарысы, құсбегілік, жамбы ату ойындары өтті. Аягөз қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Әли Окапов, Ақылбек Жеменей, Абай Бегей, Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиевалардың өнер көрсетуімен гала концерт өтті.

13876430_1729946027278977_1393092644386539380_n 13879331_1729945727279007_6298956992889650416_n 13925009_1729945813945665_1480270784312846052_n 4 13872921_1729968983943348_7585215252892035972_n 13876430_1729946027278977_1393092644386539380_n 13879331_1729945727279007_6298956992889650416_n 13895234_1730366353903611_6987324625852184318_n 13920004_1730367287236851_4276587731316204334_o 13923348_1730367097236870_1662709164651198383_o

Ары қарай оқу »
Аягөзде 90 отбасы баспаналы болды

Тоғыз жолдың торабындағы Аягөз аңыздар мен абыздардың ғана емес қуатты армиямыздың маңызды құрылымдары орналасқан үлкен стратегиялық та өңір. Әскери адамдарды әлеуметтік тұрғыдағы кепілдіктермен қамтамасыз ету  — Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтқан басым бағыттарын іске асырудың нақты көрсеткіші болып табылады. Осыған орай ағымдағы жылдың 26 шы шілде күні Аягөз қаласы оңтүстік қалашығында күрделі жөндеуден өткен 90 пәтерлі үйдің кілтін табыс ету іс-шарасы өтті. Салтанатты шараға Шығыс Өңірлік әскерлер  қолбасшылығының Қолбасшысы генерал – майор Қашағанов Нұрлан Мұсаханұлы, Аягөз ауданының әкімі Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы, Аягөз гарнизонының әскери прокуроры Ж.К.Моминбеков, Аягөз гарнизонының бастығы подполковник Б.К.Габдуллин, басқа да бөлім бөлімше командирлері қатысты.

Әр адам үшін баспана басты бақыт десек пәтерге ие болған тоқсан отбасының ішіндегі  жас әскери шаңырақтар, көпбалалы отбасылардың барлығының қуанышында шек жоқ. Жайлы да жарық үйдің ауласы жақсы абаттандырып балалар ойын алаңдары да орналастырылған екен.

Бұрындары осы оңтүстік қалашықта тар үйде тұрып жатқан  тоғыз баланың ата-анасы Калиев Талғатбек Жұмағазыұлының семиясы да төрт бөлмелі жайлы пәтерге қол жеткізіп зор қуанышқа бөленуде. 2008 жылдан бері келісім-шарт бойынша инженерлік бөгеу ротасының ефрейторы, аға сапер Талғатбек Жұмағазыұлы баспаналы болу бақытын сыйлаған еліміздегі береке-бірліктің нәтижесінде дамыған мемлекеттік саясаттың жемісі. Елбасыға, Қорғаныс Министірі мен Шығыс өңірлік қолбасшылығына үлкен рахмет. Сондай-ақ, туған қаламыз бен ауданнымыз күн санап көркеюде. Менің балаларым осындай гүлденген қалада жайлы жарық үйде өсетініне қуаныштымын. Осы еңбектер үшін аудан әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлна аудан тұрғыны ретінде алғысымды білдіремін, дейді.

Осы орайда 2018 жылға дейін барлық әскерилер баспанамен қмтамасыз етілуі керек деген Қорғаныс министірлігінің бағдарламасына сәйкес 2013, 2014 жылдары да осы өңтүстік қалашықтан екі үй пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн. Алдағы уақытта да осы қалашықтағы үш үй жөндеуден өтіп  өз иелерін табады деген ойдамыз.1 2-464x320 3 4

Ары қарай оқу »
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Аягөз қаласында «Қу дауысты Құттыбай би » ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті

12028624_1627717180835196_3009276193481205098_o 12087205_1627717040835210_5042226310276962281_o 12095100_1627717087501872_8269150925982329575_o

Ары қарай оқу »
“Қазақ хандығының 550 жылдығына” арналған шаралар

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” мәдениет сарайында “Қазақ хандығындағы Билер институты және Қу дауысты Құттыбай” атты Республикалық ғылыми конференция, “Қазақ хандығының 550 жылдығына” арналған әдеби-сазды концерт өтті1782453_1627718987501682_2473429434813926002_o 12029831_1627719064168341_7639472293595455093_o 12032883_1627719060835008_5369624267117729241_o 12182836_1627719264168321_2498255744711437321_o

Ары қарай оқу »
Ұлы Отан соғысының ардагері Аділханов Ыдырыс атамызға пәтер кілтін табыстады.

«Ұлағатты ұрпақтың сіздерге деген алғысы шексіз. Әрдайым аман-есен мерейтойдан мерейтойға жете беріңіздер», – деген аудан әкімі Б. Байахметов Ұлы Отан соғысының ардагері Аділханов Ыдырыс атамызға пәтер кілтін табыстады. Кілтті алып тұрған атамыздың келіні.

11174687_1570950136511901_846045982299735860_o 11187212_1570950146511900_6533097157671454893_o

Ары қарай оқу »
Кеңес одағының батыры Мұқатай Әбеуловке арналған ескерткіш ашылды.

Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Осындай батыр бабамыздың ерлігін мәңгілік есте сақтау мақсатында, бүгін Аягөз қаласының орталық алаңындағы «боздақтарға арналған» кешенде Кеңес Одағының Батыры М.Әбеуловтың ескерткіші ашылды.

11090901_1570945356512379_7376126983866740274_o 11187357_1570946639845584_4538388617153744835_o 11194492_1570948933178688_2364441687443340003_o 11218509_1570947556512159_7354601654613170819_o

Ары қарай оқу »