Ұлы жеңіске 70 жыл!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы – гүл шоқтарын қоюдан басталды. Айтулы Жеңіс күніне арнайы Астана қаласынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Сабильянов қатысып “боздақтарға” арналған кешенге гүл шоқтарын қойды.
Гүл шоқтарын қою рәсіміне аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, кәсіпорын, дербес бөлімдер, білім, медецина, теміржол, әскери бөлім қызметкерлері қатысты.

11039822_1571821006424814_6249559639452744796_o 11073063_1571820949758153_4246817665608954552_o 11212575_1571821069758141_5781332876289920507_o 11221306_1571821039758144_1343299032293776660_o

Ары қарай оқу »
Аягөз ауданында Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылының синхрон-акциясы өтті

6 ақпан 2015 жылы Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында сағат 11-00-де Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылының ресми түрде синхрон-акциясының ашылу салтанаты өтті.
Жиынды Аягөз ауданының әкімі Б.Баяхметов ашып, қала тұрғындарын Қазақстан Халқы Ассамблеясы күнімен құттықтап, тілегін білдірді.
Салтанатты жиында қаладағы 10 мектеп әр ұлт өкілдерінің өнерін көрсетіп, ұлттық тағамдар жәрменкесі мен көрме ұйымдастырды.
Мерекелік іс шараға ҰОС ардагерлері, ақсақалдар, «Құрметті азаматтар», мекеме басшылары, медицина, білім қызметкерлері, ауданның белсенді жастары, мектеп оқушылары, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысты. Жиыны 800 адам қатысты. Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.

10917178_1532072730399642_3594171097663067907_o 10926249_1532073147066267_8391881241626585635_o 10945908_1532072827066299_6536486901838071733_o 10949740_1532072983732950_8598025614279635741_o 10960093_1532073283732920_5238236196259856710_o 10985610_1532072610399654_1688743604607788380_o

Ары қарай оқу »
Аягөз ауданының әкімі Б.Байахметовтың ауданның тұрғындарымен кезекті есептік кездесуі өтті

2015 жылдың 30 қаңтар күні «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында Аягөз ауданының әкімі Б.Байахметовтың ауданның тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге ШҚО әкімінің орынбасары Д.Мусин , кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме – кәсіпорын ұжымдары, ауданның құрметті азаматтары, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарға 2014 жылдың әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы есеп беріп, 2015 жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Тұрғындардан түскен сұрақтарға аудан әкімі жауап беріп, ұсыныстар алдағы уақытта орындалу үшін бақылауға алынды. Кездесуге барлығы 600 адам қатысты.

10818333_1528800507393531_5353950115568455597_o 10924613_1528800590726856_1815378424459704386_o 10945710_1528800737393508_8821100335976723370_o 10947454_1528800527393529_3490085673371263357_o

Ары қарай оқу »
КХР делегациясымен кездесу

.1534961_1504610186479230_156328321120834038_o 10846461_1504610209812561_4195355707214616912_n

 

Аягөз ауданына ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Қытай Халық Республикасы Дөрбілжің ауданының әкімі Елдос Базыкен, орынбасары У Ли Цзюн, «Тыңли арпа» шекті серіктестігінің бас директоры Тань Ляй Сань т.б барлығы 7 адам келді. Келу мақсаты екі ауданның экономикасын дамыту мен достық қатынасын күшейту .
Дөрбілжіңнен келген қонақтар ауданымызбен танысып, орталық базарды және орталықта орналасқан 2 қабатты ескі үйлерді көріп қайтты. Кездесу барысында орталық базардан тікелей Дөрбілжіңнен әкелінетін тауар сатылатын орын ашу, ескі үйлердің орнына жаңадан үйлер салу мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу »
Аягөз ауданының әкімі Н.Нұрғалиевтың аудан жастарымен кездесуі.

Мемлекетіміз қашан да жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында соңғы жылдары жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылауда. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бей –жай қарамайды және мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Өз кезегінде өскелең ұрпақ – жас¬тарымыз да қоғамдық дамудың сан саласында өздерін жақсы қырынан танытып, аға ұрпақтың ұлағатты ұстанымдарына адалдық танытып, ұрпақтар сабақтастығын ілгері алып келеді.
Жастар – тәуелсіз елімізді әлемге танытқан, соны¬¬¬¬мен бірге, бүгіні мен ерте¬ңінең¬селендіруші, көшбас¬шы¬лық, көрегенділік қасиеті¬¬мен әлемдік ірі саясаткер деңгейіне көтерілген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтын бірден-бір ізбасары.
Бүгін Аягөз ауданында Жастар орталығының ұйымдастыруымен 18-29 жас аралығындағы жастар аудан әкімі Нұрбол Жолдаспекұлымен кездесті. Аягөз аудандық политехникалық колледжінде өткен кездесуге әр ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандары, дәрігерлер, ұстаздар, политехникалық колледжіннің студенттері, мектепті «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» бітіруге үміткер оқушы жастарымыз, жалпы жиыны 161 жас қатысты.
Кездесу ең алдымен 11 қарашада өткен Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауымен басталды. Елбасымыздың жастарға қатысты Жолдауындағы ең өзекті мәселелерді талқылап, жастар аудан әкімімен өз ойларын бөлісті. 2 сағатқа ұласқан кездесуде аудан басшысы жастардың жігерін оятып, әлемнің бірнеше елдерінде болып жатқан конфессия аралық қақтығыстарды мысалға алып , жастарымызды бірлікпен татулыққа шақырды.
Кездесудің бейресми және емін-еркіндік жағдайы ашық және қызығушылық әңгімеге мүмкіндік берді. Аудан әкіміне көптеген сұрақтар қойылып, әкім өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісе отыра, барлық сұрақтарға нақты жауап берді. Жиын соңы естелікке суретке түсумен аяқталды. Алда осындай жігер беретін, игі кездесулер өз жалғасын табады.

1913506_1494668004140115_7205594038721694557_o 1956915_1494668517473397_1027855925204664529_o 10634088_1494667990806783_3683787194395325085_o

Ары қарай оқу »
Аягөз қаласының егжей – тегжейлі жоспары

Аягөз қаласының 20 жылға дейін егжей тегжей жоспарын қарадық.

10392414_1488576641431820_3053714831405927460_n 10801635_1488577388098412_5334806543565148293_n

Ары қарай оқу »
Тальго жүрдек поезі Аягөзде

2014 жылдың 30 қазаны сағат 9.45 Тальго жүрдек поезін үрмелі оркестордың сүйемелдеуімен Аягөз халқы зор қуанышпен қарсы алды.Алғашқы құттықтау сөзде аудан әкімі Н.Нұрғалиев жолаушыларға сәт сапар тілеп , өз ықыласын білдірді. Келесі құттықтау сөз «Жолаушылар тасымалы» АҚ директоры Е.Төлегеновқа берілді. Шара соңында ауданымыздың құрметті ақсақалы Қали ата ақ батасын беріп. ақжол тіледі.
Жалпы Тальго жүрдек поезді «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 29 қазанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Алматы-2-Защита» (Өскемен) бағытындағы №69/70 жолаушылар пойызын жібереді. Құрам күнара қатынайды.
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагон.
Құрам Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар станцияларына аялдайды. Өскеменге дейінгі жол 17 сағат 45 минутты, қайтар жол 17 сағат 08 минутты құрайды.

1782548_1484191315187784_1081241273933207519_o 1890586_1484191228521126_3510626929223548593_o 10403914_1484191388521110_2045882539513240755_o

Ары қарай оқу »
АЯГӨЗ АУДАНЫ БОЙЫНША ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2014 жылдың 23 қазанында Аягөз ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясының  кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. Аудан  қалыптасқан діни  бірлестіктердің және ағымдардың жағдайы туралы. Заңсыз миссионерлік қызметі жөнінде туындаған мәселелер.
2. Аудан аумағындағы ҚМДБ–ның аудандық өкілдігі қызметкерлерінің діни экстремизмге қарсы күрес бойынша атқарылған жұмысы туралы.
3. Аудандағы көші-қон процессінің жағдайы, еңбек мигранттары және шетел азаматтарын бақылауға алуды ұйымдастыру.
4. Аягөз ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясының 1 тоқсан отырысында берілген хаттамалық тапсырманың  орындалу барысы туралы.

001090 001090a

Ары қарай оқу »
«Рухани келісім –халықтар бірлігіне бастар жол» атты мерекелік шара Аягөзде өтті.

10256754_1478188309121418_2335804113160834620_o 10479680_1478188572454725_6447803171668165485_o 10636922_1478188395788076_2892853903504962642_o 10712500_1478188642454718_6796417139737609819_o

 

Ары қарай оқу »
Хош келдіңізідер!

Мен, Сіздермен өзімнің жеке блогымда күнделікті кездесіп тұратыныма қуаныштымын. Өздеріңізбен тұрақты түрде жүйелі байланыста болып, ұсыныс-пікірлеріңізді оқып, көзқарасыммен бөлісемін. 

Жаңа идеялармен – жаңа істерге!

Ары қарай оқу »